18:13, Сегодня
Надежный источник
Ерекше қажеттілігі бар 100-ден астам жас қазақстандық IT мамандықтарын меңгерді
Астанада "OrleTECH 3.0" қайырымдылық жобасы аясында ерекше жастарға арналған оқудың қорытындысы шығарылды.
Естеріңізге сала кетейік, тиісті дәрістер ағымдағы жылдың шілде айында басталған болатын. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1800 өтініш түсіп, оның ішінде 18 бен 35 жас аралығындағы 180 адам іріктеліп алынды. Олардың көпшілігі студенттер және әртүрлі топтағы мүгедектігі бар адамдар екенін атап өткен жайт.
Қатысушылар үш бағыт бойынша цифрлық мамандықтарды оқыды: No Code әзірлеу, UX/UI design және жаcанды сана (AI) маманы.
Нәтижесінде оқушылар курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификат алса, ал 10 үздік жобаның авторлары ҮЕҰ-дан 100 000 теңгеге дейінгі коммерциялық тапсырыстарға ие болды.
Жобаға қатысушылар оқудың олар үшін сұранысқа ие цифрлық кәсіптерді меңгеру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар өмірден өз жолын табуға қарай жасалған қадам болғанын айтады. Олардың көпшілігі бағдарламаның өздеріне сенімді ұлғайтқанын, ал тәжірибелік дағдылар бұдан әрі жұмысқа орналасу көкжиегіне жол ашқанын әңгімелейді.
"Жобаға қатысу бізге UX/UI дизайны саласындағы сұранысқа ие дағдыларды меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар өз қабілетімізге деген сенімділікті арттыруға мүмкіндік берді. Өз басым кәсіби өсу мен табысты жұмысқа орналасу үшін мүмкіндік сыйлайтын құнды тәжірибе жинадым.
Аталған жоба менің әлеуетімді жүзеге асыру және мансаптық мақсаттарыма жету жолындағы маңызды қадам болды", - дейді Жамбыл облысынан жобаға қатысушысы Дина Сматлда.
Лагерьдің ашылуында Қор басшысы Нұрлан Жақыпов мәлімдегендей, оқуға қатысушыларға "Самұрық-Қазына" тобының компаниялар тобынажұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі.
Марапаттау рәсімінде "Самұрық-Қазына" қорының басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов қазіргі уақытта Қорда үш мыңға жуық ерекше қажеттілігі бар қызметкер жұмыс істесе, тек соңғы 10 айда 447 адам жұмысқа орналасқанын жеткізді. Ол Қор ерекше қажеттілігі бар адамдарға қолдау көрсетуді жалғастыратынын қоса кетті.
Айта кету керек, жобаны бірыңғай қайырымдылық операторы "Samruk-Kazyna Trust" қоры Shell және "IteachMe" қорымен бірлесіп жүзеге асыруда.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Новые комплексы контролирует дороги Алматинской области
Комплекс "Сұңқар"
17:13
12:47
В Караганде открылся реабилитационный центр "Qazaqstan halqyna" для детей с особыми потребностями
Реабилитационный центр
20:51
Вчера
18:29
Вчера
ТОП новости
Качественная питьевая вода для каждого: как Алматинская область улучшает водопроводную инфраструктуру
Водоснабжение
Казахстанские аптеки смогут работать с маркированными лекарствами без компьютеров
Мобильное приложение
Спецтема
Объявления
10:23, 14 ноября
02:50, 24 ноября
10:23, 14 ноября
27
10:23, 14 ноября
20
live comments feed...
Комментарии