
18:00, 18 марта
Надежный источник
"Мектеп тар, жол нашар": Алматы облыстық мәслихатының төрағасы қоғамдық қабылдау өткізді

Алматы облыстық мәслихатының төрағасы, "AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдады.
Қабылдауға жазылған тұрғындар білім, инфрақұрылым, әлеуметтік мәселелер және заңсыз айыппұлдарға қатыстышағымдарын жеткізді.
Қабылдауға келген Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны Саят Дайымбаев ауылдағы мектептің ескіргенін және жаңа оқу орнына қажеттілік туындағанын айтты.
"Жамбыл Жабаев атындағы орта мектеп 1975 жылы салынған. Бүгінде онда 1300 бала білім алуда, ал мектептің жобалық қуаты – 640 орын ғана. Бұл мектеп әуелбаста 640 оқушыға есептеліп салынған.
Қазір мұнда екі еседен көп бала оқыпжатыр. Сыныптар тым тар, білім сапасына кері әсер етеді. Халық саны жылсанап өсіп жатыр, демек оқушылар саны да көбейе береді. Сондықтан жаңа мектеп салу мәселесін шешіп беруіңізді сұраймыз", – деді тұрғын.
Бұл мәселеге қатысты жауапты мекемелердің өкілдері Тескенсу ауылына жаңа мектепсалу жоспарда жоқ екенін айтты. Алайда, Ж.Жабаев атындағы мектепке күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатқанын, сараптамадан өткен соң жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу қарастырылатынын хабарлады.
Тұрғындар көтерген білім саласындағы мәселе ғана емес, инфрақұрылымға қатысты да өтініштер аз болған жоқ. Қонаев қаласынан келген "Қапшағай самға" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің өкілі Марат Абдулдаев мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы демалыс аймағының сақталуын сұрады.
"2018 жылдан бері біздің ұйым арнайы демалыс орнын ұстап отыр. Біз өз қаражатымызға жазғы асүй, сәкілер орнаттық. Бұл жер мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы орын ретінде қалыптасқан. Олар мұнда келіп, демалады, тынығады.
Енді бұл нысандарды алып тастау туралы талап қойылып отыр. Егер біздің осыған дейін салған нысандарымызды сүріп тастайтын болса, мүгедектігі бар жандар қайда барады? Бізден басқа балама орын қарастыруды сұраймыз", – деді ол.
Бұл мәселеге жауапты мамандар жер учаскесінің "Қонаев" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қарауында екенін айтты. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жағажай аумағында қайта құру жұмыстары жүргізілетіндіктен, аумақты босату қажеттігі түсіндірілді.

Қабылдауда көтерілген тағы бір мәселе – жолдың сапасы. Жамбыл ауданы, Үңгіртас ауылының тұрғыны Бейбіт Есімбеков "Аққайнар-Үңгіртас" автомобиль жолының жөндеуін тездетуді сұрады. Оның айтуынша, жауын-шашын кезінде жолдың сапасы күрт нашарлайды, ал қыс мезгілінде көлікпен жүру мүмкін болмай қалады.
Жауапты мекеме өкілдерінің мәліметінше, аталған жолды жөндеу үшін 20,9 шақырымға техникалық құжаттама әзірленіп, жоба құны 1,3 млрд теңге болып белгіленген. Қазір бюджет қаражатын бөлу мәселесі қарастырылып жатыр. Егер қаржы бөлінсе, жөндеу жұмыстары биыл басталуы мүмкін.
Кәсіпкерлер де қабылдауда өз мәселелерін көтерді. Талғар ауданынан келген Малик Кенжегарин мен Жанар Алибекова дүкендеріне заңсыз айыппұл салынғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, дүкен толық заңды құжаттармен жұмыс істеп келген.
"Біздің дүкеніміздің барлық құжаты бар. Біз осы кәсіпті заң аясында жүргізіп келеміз. Бірақ 2024 жылдың желтоқсанында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы дүкенге қатысты заңсыз тексеру жүргізіп, үлкен көлемде айыппұл салды. Бұл – әділетсіз шешім.
Біз барлық қажетті рұқсат құжаттарын рәсімдегенбіз, дүкен заңды түрде салынды. Егер заңсыздық орын алса, неге бізге бірнеше жылдан кейін ғана айыппұл салынып отыр?", – деп наразылық білдірді кәсіпкерлер.

Алайда, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы тарапынан жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде 1,5 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Мәселенің мән-жайын анықтаған жауапты орган өкілдері кәсіпкерлердің дүкенді 2018-2019 жылдары тиісті рұқсат құжаттарынсыз салғанын алға тартты.
Құрылысқа қажетті эскиздік жоба, сәулет-жоспарлау тапсырмасы болмағандықтан, сот шешімімен айыппұл салынған. Кәсіпкерлер бұл шешіммен келіспейтінін айтып, заң аясында қайта қарауды талап етті.
Қабылдау барысында көтерілген барлық мәселелерге тиісті органдар тарапынан жауап беріліп, кейбір сұрақтар сол жерде шешімін тапты. Облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаев азаматтардың әрбір өтініші бақылауда болатынын атап өтті.
"AMANAT" партиясының облыстық филиалына тұрғындар egov порталы, e-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш беру арқылы қабылдау ғажазыла алады. Әрбір өтініш мұқият қаралып, заң аясында шешу жолдары қарастырылады", – деді Қуат Байғоджаев.
Айта кетейік, мұндай қоғамдық қабылдаулар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Өңір тұрғындары көтерген басты мәселелердің басым бөлігі білім беру мекемелерінің жағдайын жақсарту, инфрақұрылымды дамыту және кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғауға бағытталған.
Фото: "AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Следуя древним традициям
Жекпе-жек
22:28
100 лет великому маэстро: Алматинская область празднует юбилей Нургисы Тлендиева
100-летие Нургисы Тлендиева
15:54
12:04
20:47
31 марта
20:33
31 марта
15:46
31 марта
13:34
31 марта
12:11
31 марта
Спецтема
Объявления
05:45, Вчера
live comments feed...
Комментарии