• Главная
  • Алматы облысының тауар өндірушілері қытай нарығына шығады
16:54, 28 марта
Надежный источник

Алматы облысының тауар өндірушілері қытай нарығына шығады

Фото: из открытых источников

Фото: из открытых источников

Өңірдің экспорттық әлеуеті шетелдік нарықтардың назарын аударуды жалғастыруда.

Алматы облысы әкімдігі, Өңірлік даму орталығы, ҚР Сауда және интеграция министрлігі және "QazTrade" сауда даму орталығы" АҚ-ның бірлескен жұмысының нәтижесінде жергілікті тауар өндірушілер Қытайдың Сиань қаласына сауда-экономикалық миссиямен барады.

Сапардың негізгі мақсаты – сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, экспортталатын өнім түрлерін кеңейту және Қазақстан мен Қытай арасындағы серіктестік байланыстарын нығайту.

Өңір кәсіпорындары үшін бұл жаңа нарықтарды игеруге және отандық өнімдердің халықаралық аренадағы орнын нығайтуға мүмкіндік береді. Экспортталатын тауарлар қатарына Қытай нарығында сұранысқа ие алкогольсіз сусындар, азық-түлік өнімдері және агроөнеркәсіптік тауарлар кіреді.

"Өңірдің экспорттық әлеуетін дамыту – біздің басымдықтарымыздың бірі. Біз жергілікті өндірушілерге халықаралық нарыққа шығуға, жаңа серіктестер табуға және экспорт көлемін арттыруға жүйелі қолдау көрсетуді жалғастырудамыз", – деп атап өтті Алматы облысының Өңірлік даму орталығы.

Алматылық өнімдерді шетелге ілгерілету бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Экспорттаушы кәсіпорындар тізімін кеңейту және жеткізілім көлемін ұлғайту бойынша шаралар қабылдануда. Бұл өңір экономикасын нығайтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құруға да ықпал етеді.

Алматы облысы халықаралық нарықта сенімді түрде өз орнын нығайтып, қазақстандық өндірістің әлеуетін ашып, отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...