• Главная
  • Елімізде 4 мыңдай адам ағза ауыстыруға мұқтаж
11:32, 29 марта
Надежный источник

Елімізде 4 мыңдай адам ағза ауыстыруға мұқтаж

Елімізде 4 мыңдай адам ағза ауыстыруға мұқтаж, фото-1

Алматы облысы бойынша жалпы бүйрекдонорлығына мұқтаж науқастардың саны артып отыр. Бүгінде ағзаға зәру адамдардың саны 200-ден асып жығылады.

Алайда, ШЖҚ РМК "Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ "Алматы облысының көпбейінді клиникалық ауруханасы" ШЖҚ МКК базасындағы мамандардың елімізде мәйіттік донорлыққа деген көзқарас әлі де дұрыс жолға қойылмағанын айтады. Ақ халаттылар ағзаларды адамның миы өлгенде-ақ алу керегін алға тартып отып.

Жалпы Алматы облысында жыл басында 19 қаңтарда Алматы облысының көпбейінді клиникалық ауруханасы базасында 1979 жылғы ықтимал донор Е. анықталғанын хабарлайды.

Мамандар консилиум өткізіп, мидың өлімін растады, туыстарымен әңгімелесу жүргізілді және ағзаларды алуға келісім алынды. Орталық донорлық процесті ұйымдастырды, оның аясында екі бүйрек, жүрек, өкпе алынды.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бері алғаш рет мөлдір қабықты алу жүргізілді. Ағзалар одан әрі тексеру және реципиенттерге трансплантаттауүшін транспланттау орталықтарына жеткізілді:

  • бүйрек – Жетісу облысынан 2008 ж.т. пациент И.-ге ауыстырып салынды, "Сызғанов ат. ҰҒХО" АҚ;
  • бүйрек – Астана қ. 2007 ж.т. пациент К.-ге ауыстырып салынды, "UMC" КҚ;
  • жүрек – 1981 ж.т. пациент А.-ға ауыстырыпсалынды, "Кардиология және ішкі ауруларғылыми-зерттеу институты" АҚ;
  • өкпе – Қостанай облысынан 1982 ж.т. пациент Е.-ге трансплантатталды, "UMC" КҚ;
  • 2 мөлдір қабық – кератопластика 21.01.2025 ж. жоспарланған, реципиенттерді зерттеп-қарау жүргізілуде.

Жалпы елімізде осындай донорлық процестер көп өтетін болса мұқтаж жандардың өмірін құтқарып қалуымызға мүмкіндік жоғары.

Алайда, Қазақстандықтардың мәйіттік донорлыққа психологиялық тұрғыда әлі де дайын емес.Көбінесе туысының мүшелерін беруден үзілді-кесілді бас тартып жатады. Ал Испания мен Беларусьте мерт болғандардың ағзасын бірден трансплантациялайды екен. Сондықтан дәп осы елдерде біздегідей кезек жоқ.

Отандық ғалымдар қалың бұқара мұқтаж сол бүйрек пен бауырдың жер астында көп дегенде, 6 жылдай шіріп жататынын айтады. Сол себептен, жарақат пен инсульттан миы өлген адамдардың жарамды ағзаларын алу қажет дегенді алға тартуда.

Міне, осы сияқты оқиғалар да отандық трансплантология саласының дамуына кедергі келтіріп, Денсаулық министрлігі ұсынған кодекстің қабылдануына кері әсерін тигізуі ықтимал.

Алматы облыстық транспланталогия саласын үйлестіруші координаторы Ақерке Тоеке

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...