• Главная
  • Алматы облысында колонияға ішімдік лақтырмақ болған ер адам ұсталды
ДУИС
19:22, 12 января 2024 г.
Надежный источник

Алматы облысында колонияға ішімдік лақтырмақ болған ер адам ұсталды

ДУИС
Алматы облысында колонияға ішімдік лақтырмақ болған ер адам ұсталды, фото-1

Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері тыйым салынған заттарды колонияға лақтыру фактісінің алдын алды.

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №14 мекеменің қызметкерлері алкогольды ішімдіктерді колония аумағына лақтырмақ болған ер адамды ұстады.

Оқиға орнынан скотчпен оралған 7 дана түйіншек анықталды. Ішінен көлемі 0.5 литрлік 7 дана спирт иісі бар сұйықтыққа толы бөтелкелер тәркіленді.

"Ұсталған адамның жеке басы анықталып, болған жәйтқа қатысты материалдар Қонаев қаласының полиция бөліміне жіберілді", - деп атап өтті, ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#ДУИС #Алматинская область #Колония #Запрещенные предметы

Комментарии

Объявления
live comments feed...