• Главная
  • Қонаев қаласында ХҚКО жаңғыртылды
Қонаев
10:55, 1 июля
Надежный источник

Қонаев қаласында ХҚКО жаңғыртылды

Қонаев

"Азаматтарға арналған үкімет" Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс атқаруда.

Бүгін Қонаев қаласында, тұрғындарға мемлекеттік қызметті алу жолын ыңғайлы әрі қолжетімді ету мақсатында халыққа заманауи жүйеде қызмет көрсететін жаңғыртылған цифрлық кеңсе ашылды.

Айта кетсек, цифрлық бағыттағы кеңселер мен қарапайым ХҚКО арасындағы басты айырмашылық-жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілу және қызмет көрсетудің заманауи тәсілі. Мәселен, Қонаев қаласының жаңғыртылған ХҚКО-да жөндеу жұмыстары жүргізілді, Жиһаз және кеңсе техникасы ауыстырылды.

Сонымен қатар, жаңа цифрлық кеңсе қызметалушыларға ыңғайлы болу мақсатында түстермен ерекшеленетін аймақтарға бөлінген. Сары аймақ ұзақ уақытты қажет етпейтін қызметтерге арналған. Қызыл аймақта клиент өзіне қажетті құжаттарды рәсімдей алады, ал жасыл аймақта клиенттер дайын құжаттарды ала алады. Заңды тұлғаларды немесе жылжымайтын мүлікті тіркеу сияқты дәстүрлі қызметтерді қажет ететіндер үшін аймақ күлгін түсте боялған. Әлеуметтік төлемдерді рәсімдеуге келетін болсақ, қызметтерді қызғылт сары аймақта тапсырыс беруге болады.

Сондай-ақ, ХҚКО-ға келушілер "өзіне-өзі қызмет көрсету" аймағында оператордың көмегінсіз кез келген қажетті мемлекеттік қызметті өз бетінше ала алады. Бұдан басқа, бұл секторда қызметкерлер клиенттерге цифрлық сауаттылықты үйретеді.

Заманауи форматтағы цифрлық кеңсе Қонаев қаласы, 1-ші ықшамаудан, 41а мекен жайында орналасқан.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қонаев ХҚКО-да азаматтарға 35 мыңнан астам қызмет көрсетілген.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Последние новости
Объявления
live comments feed...