• Главная
  • Жастарға жұмыс: Қонаев қаласында 200-ден аса бос жұмыс орындары ұсынылды
18:47, 25 июля
Надежный источник

Жастарға жұмыс: Қонаев қаласында 200-ден аса бос жұмыс орындары ұсынылды

Алматы облысында жастарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

Бұл шара облыстық "AMANAT" партиясы мен "Жастар рухы" жастар қанатының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Жастарға жұмыс" жобасы аясында өтті.

Жастарға жұмыс: Қонаев қаласында 200-ден аса бос жұмыс орындары ұсынылды, фото-1

Жәрмеңкеге 30-ға жуық мекеме қатысты, олар 200-ден аса бос жұмыс орындарын ұсынды. Шараның негізгі мақсаты – жастарға еңбек нарығында өз орнын табуға және болашақтағы кәсіби өсуіне қолдау көрсету.

"Бұл жәрмеңке арқылы біз жастарға жұмыс табуды жеңілдеткіміз келеді. Мәселен, "Nauryz Agro LTD", "Freedom Finance", "Отбасы банк", төтенше жағдай департаменті; жастар ресурстық орталығы, мансап орталығы сияқты ұйымдар бүгін өз ұсыныстарын таныстырды. Бұл жәрмеңке жастардың еңбек нарығында белсенді болуын арттырып, олардың мансаптық жолдарын нақтылауға көмектеседі. Осындай шаралар жастардың жұмысқа орналасуын жеңілдетеді", – деді облыстық AMANAT партиясы төрағасының орынбасары Аслан Кубентаев.

Жастарға жұмыс: Қонаев қаласында 200-ден аса бос жұмыс орындары ұсынылды, фото-2

Жәрмеңкеге келген жастар түрлі ұйымдардың өкілдерімен бетпе-бет кездесіп, сұрақтарына жауап алды. Олар түйіндемелерін тапсырып, жұмыс берушілермен сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды.

"Мен жәрмеңкеде әр түрлі бос жұмыс орындармен таныстым. Сол жерде-ақ бірден Nauryz Agro LTD компаниясынан жұмысқа шақыру алдым. Мұнда жұмыс берушімен бетпе-бет кездесу арқылы көбірек ақпарат алуға мүмкіндік бар", – дейді қала тұрғыны Арайлым Тәкен.

Жастарға жұмыс: Қонаев қаласында 200-ден аса бос жұмыс орындары ұсынылды, фото-3

Жастарға арналған мұндай шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып, олардың болашақтағы кәсіби өсуіне қолдау көрсету жалғастырылады. Бұл бастамалар жастардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады және олардың болашақтағы жетістіктеріне негіз болады.

Жастарға жұмыс: Қонаев қаласында 200-ден аса бос жұмыс орындары ұсынылды, фото-4

Айта кету керек, партияның "Жастарға жұмыс" жобасы аясындағы бұл шара алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...