• Главная
  • Қонаев қаласында "Бір ауыл – бір өнім" жәрмеңкесі өтеді
20:45, 14 августа
Надежный источник

Қонаев қаласында "Бір ауыл – бір өнім" жәрмеңкесі өтеді

Қонаев қаласында "Бір ауыл – бір өнім" жәрмеңкесі өтеді, фото-1

Алматы облысының 9 ауданынан келетін жергілікті шикізатты пайдалана отырып, өз өнімдерін өндіріп жүрген кәсіпкерлердің тауарлары қойылатын көрме Қонаев қаласында өткізілмек.

Жалпы, көрме "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өтеді. Өздеріңіз білетіндей, "Бір ауыл – бір өнім" көрмесі алғаш рет Жапония елінен бастау алып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға біршама үлес қосқаннан кейін, бұл жоба өзге де елдерде жүзеге асырыла бастады.

Қазіргі кезде кәсіпкерлікке қызығушылық танытып, алайда, кәсіп бастаушы ауылдық аймақтарда тұрған жағдайда, бұл жоба ауыл тұрғындарына – өте қолайлы мүмкіндік. Себебі, қатысушы аймақтың ерекшеліктерін көрсететіндей, жергілікті ресурстарды пайдалана отырып өнім шығарған жағдайда, мемлекеттен қаржылай қолдау алып, сертификатталып және маркентигтік сүйемелдеуге де ие бола алады.

Айта кетейік, облыс бойынша Қонаев қаласында өтетін көрмеге 30-дан аса кәсіпкер қатысады.

Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жоба, бәсекеге қабілетті кәсіпкерлердің сапалы өнім өндіруіне септігін тигізеді.

"Бір ауыл – бір өнім" көрмесі Алматы облысының барлық аудандарында өтті. Ендігі кезек, жобаның мақсаты мен талаптарына сай келетін кәсіпкерлердің өнімдері іріктеліп, Қонаев қаласының орталық алаңында жергілікті өнімдердің көрме-жәрмеңкесі өткізілмек.

Қатысушылар көрме-жәрмеңкеде бағалау кезеңінен өтіп, бренд-комитет мүшелерінің шешімімен жоба финалистері таңдалынады. Жеңімпаздар жәрмеңке өткеннен кейін 10 күн ішінде комиссияның дауыс беру нәтижелері бойынша анықталады. Нәтижесінде, жеңімпаз мемлекет тарапынан кәсіпкерлік оқудан өтіп, өз кәсібін дөңгелетуге қаржы ұтып алу мүмкіндігіне ие.

Еске сала кетейік, Отандық тауар өнідірушілердің, яғни облысымыздың ерекше өнімдері мен түрлі бұйымдардың куәсі болғыңыз келсе, сіздерді Қонаев қаласының Орталық алаңында 22-тамыз күні сағат 10:00-де күтеміз.

Ермекқызы Назерке, Алматы облысының "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...