• Главная
  • Алматы облысында 1200 бала "AMANAT" партиясынан оқу жылына қажетті жиынтық алады
14:07, 20 августа
Надежный источник

Алматы облысында 1200 бала "AMANAT" партиясынан оқу жылына қажетті жиынтық алады

"Баланы мектепке дайындайық!" республикалық акциясы аясында "AMANAT" партиясының мүшелері 350-ге жуық баланы мектепке қажетті құрал-жабдықтармен, мектеп формасымен қамтамасыз етті.

Игі шара партияның "Бақытты отбасы" жобасы аясында өтіп жатыр. Бұл акция жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Мақсаты – әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке даярлауға қолдау көрсету.

Алматы облысында 1200 бала "AMANAT" партиясынан оқу жылына қажетті жиынтық алады, фото-1

Акцияның алғашқы күні Қонаев қаласында өтті. Бұл күні AMANAT партиясының мүшелері 45 балаға мектеп формасын, оқулықтарды, сөмкелерді және кеңсе тауарларын табыстады.

AMANAT партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Жакуповтың айтуынша, мұндай игі шаралар облыстың барлық аудандарында жалғасын табуда.

Алматы облысында 1200 бала "AMANAT" партиясынан оқу жылына қажетті жиынтық алады, фото-2

"Мектеп жасындағы бүлдіршіндерге жаңа оқу жылы басталар алдында қуаныш сыйлап, оқушыларды керек-жарағымен қамтып келе жатқан акция биыл да жалғасын тауып отыр. Бұл қайырымдылық акциясы бір рет қана өткізілетін іс-шара емес, өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған партияның ауқымды жүйелі жұмысының бір бөлігі.

Мәселен, бес күн ішінде фракция мүшелері 16 млн теңгеден аса соммаға 350-ге жуық баланы мектепке даярладық. Науқан соңына дейін 1 200 оқушыны қамтуды жоспарлап отырмыз", – деді Ерлан Жакупов.

Алматы облысында 1200 бала "AMANAT" партиясынан оқу жылына қажетті жиынтық алады, фото-3

Айта кету керек, партиялықтар жаңа оқу жылына дейін мұндай шараны бірнеше мәрте ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұған мәслихаттардағы "AMANAT" партиясының депутаттық фракция мүшелері атсалысуда.

"AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...