• Главная
  • Алматы облыстық ҚАЖД Конституция күнін атап өтті
11:12, 30 августа
Надежный источник

Алматы облыстық ҚАЖД Конституция күнін атап өтті

Алматы облыстық ҚАЖД Конституция күнін атап өтті, фото-1

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс шара өткізді.

Департамент басшысы қызметкерлер мен ардагерлерді мерекемен құттықтап, Қазақстан халқы үшін айтулы күн екенін атап өтті.

Қызметтік міндеттерін адал атқарып, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін бірқатар қызметкерлер марапатталды.

"Ата Заңымыздың қағи­дат­тары­ның маңызын насихаттау қызметкерлердің отаншылдық, патриотизм ұста­­нымдарын қалыптастыруда өте маңыз­ды. Құқық­тық нор­­маларды терең білу, жете түсі­ну Отанға деген сүйіс­пен­­шіліктерін, оны қорғауға бағыт­талған азаматтық борыштарын арттырады",- деп атап өтті ҚАЖД басшысы Бақытжан Шәріпбеков.

Іс-шара шағын концерттік бағдарламамен ұласты.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...