• Главная
  • ҚАЖ қызметкерлері Алматы облысындағы жарыста жоғары нәтиже көрсетті
22:40, 14 сентября
Надежный источник

ҚАЖ қызметкерлері Алматы облысындағы жарыста жоғары нәтиже көрсетті

Ағымдағы жылдың 12-14 қыркүйек аралығында Алматы облысында ҚР ІІМ Спартакиада және "Динамо" ДШСҚ Ведомствоаралық Спартакиада бағдарламалары аясында жауынгерлік қарудан ату бойынша жарыс өтті.

Жарысқа Департамент бастығы орынбасарының міндетін атқарушы әділет полковнигі Магнис Сабиров бастаған Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қатысты.

ҚАЖ қызметкерлері Алматы облысындағы жарыста жоғары нәтиже көрсетті, фото-1

100 метрлік кедергілер жолағын еңсере отырып, 50 метр шекарадағы ПМ-6 жаттығуында №71 кезекші тергеу изоляторының көмекшісі әділет майоры Дастан Адыби 4 орынды иеленді.

Іс-шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 01.10.2020 жылғы Жолдауын іске асыру мақсатында және ҚР-да дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2016-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Последние новости
live comments feed...