• Главная
  • ҚАЖ қызметкерлері бизнес өкілдерімен жұмыс кездесуін ұйымдастырды
ДУИС
21:02, 11 октября
Надежный источник

ҚАЖ қызметкерлері бизнес өкілдерімен жұмыс кездесуін ұйымдастырды

ДУИС
ҚАЖ қызметкерлері бизнес өкілдерімен жұмыс кездесуін ұйымдастырды, фото-1

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №12 мекеме әкімшілігі өндірістік аймақта орналасқан кәсіпкерлермен жұмыс кездесуін ұйымдастырды.

Жиынға Ұлттық ұлан өкілдері де қатысты. Кездесудің мақсаты - өндірістің дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтау және жою.

Жиында мекеменің өнеркәсіптік аймағындағы жұмыс уақытының ұзақтығы, соның ішінде сотталғандарды жұмыс орындарына шығару, тамақтандыруды ұйымдастыру, мекеме аумағына автокөліктердің кіріп шығу сияқты өзекті мәселелері қарастырылды.

Сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды қоса алғанда, шағын және орта бизнес кәсіпорындарына жұмысқа орналасқан сотталғандарға еңбекақы төлеу мәселесі де талқыланды. Жұмыс кездесуі соңында проблемалық мәселелерді шешу мерзімдері анықталды.

Іс-шара ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтандыру үшін 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру аясында өткізілді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...