12:12, 14 октября
Надежный источник
Әкімдік жосықсыз мердігер компаниямен келісімшартты бұзды
Бұған дейін мәлім еткеніміздей, қаладағы бірнеше нысанның құрылысын "SHEBERBUILD" ЖШС ұтып алған.
Оның бірі – №2,4,5 шағын аудандардың жылу желісін ауыстыру жобасы. Аталған серіктестікпен 2023 жылдың сәуір айында келісімшартқа қол қойылған. Мерзімінен кешіктіріліп жатқан жұмыстар бойынша ТҮКШ бөлімі бірнеше рет хат жолдап, мердігердің ісі сотта қаралды. Соңғы шешім әкімдіктің бөлімі тарапынан келісімшартты біржақты бұзу болды.
Содан кейін мемлекеттік сатып алу порталында жаңадан конкурс ойнатылып, "Ramboll Corp." ЖШС-мен келісімшартқа қол қойылды. Жаңа компания өз жұмысын бастап кетті. Қазір жылу құбырларының дұрыс жалғанып, жалғанбағаны тексеріліп, қазылған жерлер жабылып жатыр.
Жалпы алғанда құрылыс-монтаждау жұмыстарының 70 пайызы аяқталған. Кейіннен Алматы көшесінің бойы абаттандырылады.
Екінші жоба – №10 ш/а-да үш 60 пәтерлік көпқабатты үй салу. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстарының 95 пайызы аяқталған. "SHEBERBUILD" ЖШС-мен шарттардың орындалмауына байланысты келісімшарт бұзылды. Нысанның құрылысын аяқтау мақсатында "Санур Строй-А" ЖШС-мен 2024 жылдың қыркүйегінде жаңа шартқа қол қойылды.
Көппәтерлі тұрғын үй 30 қарашаға дейін қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.
Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
10:50
12:45
Вчера
10:58
Вчера
Премия "Хан Тәңірі": 2258 медалей завоевали спортсмены Алматинской области в 2024 году
Премия "Хан Тәңірі"
19:41
19 декабря
18:04
19 декабря
17:36
19 декабря
Спецтема
Объявления
12:38, Вчера
live comments feed...
Комментарии