15:02, 24 октября
Надежный источник
Алматы облысында Республика күніне арналған 170-тен астам шара өткізіледі
Алматы облысында Республика күні қарсаңында мерекелік іс-шаралар қызу дайындықпен жүргізілуде. Бұл мереке еліміз үшін ерекше маңызды болғандықтан, өңірде арнайы бағдарламалар мен мәдени іс-шаралар жоспарланған.
Бұл туралы Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Алиев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды Qonaev-gorod Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спикердің айтуынша, "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында облыс аумағында көшелерді тазалау, Мемлекеттік гимнді орындау, патриоттық бағытта челлендждер өткізу сияқты шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Сонымен қатар, елге сіңірген еңбегімен танылған азаматтар марапатталып, қоғам қайраткерлері мен танымал тұлғалардың мерекелік құттықтаулары да жоспарланған.
"Барлығы 177 мерекелік іс-шара өткізілетін болады. Олардың ішінде тақырыптық көрмелер, әдеби-танымдық кештер, концерттер, спорттық жарыстар және халықтық серуендер бар. Туған елдің мәртебесін көтеру мақсатында арнайы челлендждер ұйымдастырылады", – деп атап өтті Данияр Алиев.
Сондай-ақ, мереке қарсаңында облыс аумағында жаңа мәдениет нысандары ашылады. Атап айтқанда, Райымбек ауданындағы Жамбыл және Кеген ауданындағы Қарқара мәдениет үйлерінің ашылу салтанаттары өтеді деп жоспарлануда.
24 қазан күні Қонаев қаласындағы Жеңіс саябағында Ауған соғысының ардагерлеріне арналған мемориалдық тақтаның ашылу рәсімі өтеді. Ал сол күні түстен кейін Қонаев қалалық мәдениет үйінде облыс әкімінің қатысуымен салтанатты жиын өткізіліп, мемлекеттік марапаттар табысталады. Мерекелік концертте танымал өнер жұлдыздары мен облыстың дарынды өнерпаздары өнер көрсетеді.
25 қазан күні Еңбекшіқазақ ауданында Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтіп, Мемлекеттік гимн орындалады. Бұл шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысады
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Казахстанские аптеки смогут работать с маркированными лекарствами без компьютеров
Мобильное приложение
15:45
Вчера
11:30
Вчера
Качественная питьевая вода для каждого: как Алматинская область улучшает водопроводную инфраструктуру
Водоснабжение
11:05
Вчера
19:15
22 ноября
Традиционное боевое искусство Юго-Восточной Азии
Пенчак силат
14:39
22 ноября
16:01
21 ноября
12:24
21 ноября
ТОП новости
Казахстан запустил первый лесоклиматический проект
Углеродные поглощения
Спецтема
Объявления
10:23, 14 ноября
20
02:50, Сегодня
10:23, 14 ноября
27
12:46, 10 ноября
10:23, 14 ноября
live comments feed...
Комментарии