• Главная
  • Алматы облыстық ҚАЖД үздік психологты анықтады
11:59, 30 октября
Надежный источник

Алматы облыстық ҚАЖД үздік психологты анықтады

Алматы облыстық ҚАЖД үздік психологты анықтады

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті Үздік пенитенциарлық психологты анықтады.

ҚР ҚАЖ психологиялық қызметінің құрылуының 25 жылдығына орай, Алматы облыстарының мекемелерінің психологтарының арасында байқау өткізілді.

Әділ қазылар алқасы қатарында Алматы облысының ҚАЖ ардагерлер алқасының төрағасы, "Жанұя" отбасы қолдау орталығының басшысы және азаматтық сектордың білікті психолог мамандары орын алды. Іс-шараның қонақтары Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы облысы бойынша өкілі және мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары болды.

Байқаудың нәтижесі бойынша №12 мекеме аға инспектор психолог әділет капитаны Айдана Тәңірбергенова "Үздік пенитенцарлық психолог" атанды. 1 орынды Мадина Нурханова, 2 орынды Аяна Минжанова, ал 3 орынды Нүргуль Ошибаева иеленді.

Жеңімпаздар кубокпен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқаудың қонақтары ҚАЖД басшысының алғыс хаттарына ие болды.

Іс-шара соңында қонақтар мен қатысушыларға арнайы кофе-брейк ұйымдастырылды.

"Байқауда "Үздік пенитенциарлық психолог" маманың анықтап, біз арнайы шақырылған азаматтық сектор білікті мамандарымен ҚАЖ психологтарының тәжірибе алмасуларына үлес қостық",- деп атап өтті ҚАЖД бастығының м.а. Бақытжан Шәріпбеков.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...