18:00, Сегодня
Надежный источник
"AMANAT" партиясы Жібек жолы ауылында кептеліс пен қауіпті өткел мәселесін шешті
Қарасай ауданында жаңа айналма жол айрығы салынды. Бұл жоба Қарасай ауданының тұрғыны Зулхар Кулматанбетовтің өтініші негізінде қолға алынған болатын.
Зулхар Кулматанбетов бұл мәселені Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен өткен "AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында көтерді. Тұрғынның өтінішін тыңдаған өңір басшысы мәселені шешуді назарға алатынын айтып, тиісті тапсырмалар берді.
Нәтижесінде, Жібек жолы ауылдық округінде айналма жол айрығы салынып, көптен күткен мәселе оң шешімін тапты. Ұзындығы 6 шақырымды құрайтын, төрт жолақты бұл автожол республикалық маңызы бар "Шамалған бекетін айналып өтіп, РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы" бағытындағы көлік инфрақұрылымын жаңарту жобасы аясында жүзеге асырылды.
Айналма жол айрығы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының ықпалымен, Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында іске қосылды.
"Бұрын бұл өткелде көліктер ұзын-сонар кезекте тұрып, сағаттап күтуге мәжбүр болатынбыз. Енді айналма жолдың арқасында уақыт үнемделіп, қозғалыс қауіпсіздігі де артты. Біз үшін өте маңызды мәселенің осылай жылдам шешімін тапқанына ризамыз. Бұл үшін облыс басшылығы мен "AMANAT" партиясына алғысымыз шексіз", – деді Зулхар Кулматанбетов.
Айта кету керек, бұл жоба арқылы "Орталық-Оңтүстік" бағыты бойынша Астана-Қарағанды, Балқаш-Алматы арасындағы тас жолдарды жалғап, көлік қозғалысын жеңілдету көзделген.
Жолдың салынуы тоғыз жолдың торабы саналатын Жібек жолы ауылындағы кептелістерді жойып, қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалысты қамтамасыз етті.
"AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:57
16:48
Вчера
15:18
Вчера
15:04
Вчера
14:46
Вчера
ТОП новости
Спецтема
Объявления
10:23, 14 ноября
20
10:23, 14 ноября
27
02:50, 24 ноября
10:23, 14 ноября
live comments feed...
Комментарии