• Главная
  • Қонаев қаласында мәслихаттардың 30 жылдығы аталып өтті
17:36, 19 декабря
Надежный источник

Қонаев қаласында мәслихаттардың 30 жылдығы аталып өтті

Қонаев қаласында мәслихаттардың 30 жылдығы аталып өтті, фото-1

Салтанатты шара қалалық Мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Оған қала әкімі Асхат Бердіхановтан бастап, І-VIII шақырылымның депутаттары қатысты.

"Мәслихаттарды алғашқы сайлаудан кейін, оны нығайтуға көптеген маңызды қадамдар жасалды. Екі жыл бұрынғы конституциялық реформамен басталған өзгерістің нәтижесінде мәслихат өкілеттіліктерін кеңейтті.

Мәслихат қызметі басқарушылық және реттеуші функцияларды қамтиды. 30 жылда Қонаев қаласында барлығы 82 азамат мәслихат депутаты болып, қаламыздың дамуына өз үлесін қосып, елге қызмет етті", - деді әкім құттықтау сөзінде.

Ол сондай-ақ халық қалаулыларының тарихи шешімдерді қабылдаудағы еңбектерін атап өтті.

"Мәслихат депутаттары - халық пен билік арасындағы алтын көпір, халықтың әлеуметтік мәселесін шешуде барынша атсалысып жүрген ел қалаулысы. Сондықтанда Сіздердің еңбектеріңізді ерекше атап өткім келеді.

Осыдан 30 жыл бұрын Қонаев қаласында 40 мың халық тұрса, қаламыздың өркендеп өсуі нәтижесінде қазіргі уақытта 65 мыңнан асты. Қаладағы орын алып жатқан барлық өзгерістер Сіздермен жылдар бойы бірлесе атқарған жұмыстың нәтижелері", - деді Асхат Бердіханов.

Басқосуда түрлі кезеңдерде қызмет еткен депутаттар ҚР Парламенті Сенатының, Алматы облысы әкімінің, Қонаев қаласы әкімінің, облыстық мәслихат төрағасының, қалалық мәслихат төрағасының Құрмет грамоталарымен, түрлі партия филиалдарының Алғыс хатымен марапатталды.

Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...